Ақын Қадір Мырза Әлінің «Қазақ осы...» өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқы. Өлең мазмұның өз сөзіңмен жаз. ( жазбаша орындау) Напишите содержание стихотворения своими словами.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,

Сүйетұғын қазақ, осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ, осы, ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Қазақ, осы: «Дала!» - дейтін, «Күн!» -

дейтін,

Қазақ, осы, «Өнер алды - тіл» дейтін.

Қазақ, осы, қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы, - жайып жатқан қанатын,

Батыр халық, ақын халық - дәл аты.

Қазақ осы - өзімсінген адамға,

Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.