Бұл сұхбатта боксшы алдағы жоспарларымен бөлісіп, қазақ боксының болашағы жайлы айтты. Сонымен қатар Геннадий Головкин мен Қанат Исламның соңғы жекпе-жектері жайлы өз ойымен бөлісті.
- Елге қош келдіңіз, Мадияр. Ел-жұрт қалай қарсы алды?
Бауырларым, жанкүйерлерім керемет қошамет көрсетіп, қазақи дәстүрмен күтіп алды. Қасиетті қара домбырамен ән шырқап, қадірлі астарымыз бауырсақ бен қымыздан дәм татқызды. Қатты қуанышты болдым…
- Соңғы жекпе-жегіңіз жайлы не айтасыз?
- Соңғы жекпе-жегімде аздап қобалжу болды. Себебі жекпе-жекке дейінгі 3 ай барысында 4 қарсылас ауысты.
Біріншісі кездесуден бас тартты. Екіншісі жарақат алып қалды. Ал үшіншісі 2 күн қалғанда жекпе-жекке шықпайтын болды. Сөйтіп, аргентиналық қарсыласты тапты. Ол өте көп жекпе-жек өткізген тәжрибелі боксшы екен. Бірақ оның бұрынғы кездесулерін қарауға уақыт болмады. Бұрынғы қарсыластарға дайындаған тактикаммен шаршы алаңға шықты. Бірақ сәтін салып жеңіске жеттім.
- Келесі жылға қандай жоспар құрып отырсыз?
17 желтоқсан АҚШ-қа жол тартам. Онда барған соң алдымен физикалық жаттығуларды бастаймын. Менеджерлермен сөйлесіп, қашан кіммен жекпе-жек өткізетінімді анықтағаннан кейін, нақты жаттығуға кірісетін боламын.
Өткен жекпе-жектерімде өзімді екі бағытта сынап көрдім. Шабуылды басты назарда ұстап жұдырықтасу және қашып жүріп жұдырықтасу тактикасын қатар пысықтадым. Он раундтық жекпе-жекке де дайын екенімді байқадым. Сол үшін де келесі жылы тек мықтылармен кездесемін деп айтып жүрмін.
Answers & Comments
Ответ: