Саятшылар ел ішінде өте сыйлы, құрметті адамдар қатарына жатады. Олар кезінде осы құс салу арқылы ел-жұртты тамақпен, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілерімен қамтамасыз еткен ел қамқоры, асыраушысы деп те саналған. Саятшылар негізінен, қолы ашық, жомарт жандар. Соған байланысты ма, «Аңшы ешқашан байымайды» дейтін тәмсіл де тараған екен. Өйткені, қазақ аңшылықты кәсіп емес, ен далаға шығып, табиғатпен тілдесіп, сергіп, саятшылық құру деп есептеген. Саят өнері − ептілікті, білгірлікті, табиғаттың қыр-сырын жете білуді, сондай-ақ құстарды ұстау мен баулудағы табандылықты талап етеді. Бұл тіршілік қамы ғана емес, көңіл көтеру, бойға күш алу, қызықтау әрі спорт ретінде қазақ даласында тым ерте дамыған.
Answers & Comments
Ответ: