Қазақ әйелдің бой түзеп, сән-салтанатпен жүруі үшін қолданылатын сәндік заттар. Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Орыс зерттеушісі И.Г.Андреев былай деп жазады: «Қазақ әйелдері әшекейлерді кеудесіне де тағады. Бастарына жаулық салып, оның үстінен маңдайға дейін түсетін жамылғы киеді де, оған жіпке тізілген маржан, інжу қадап қояды. Оның үстінен ақ жаулық салады. Арқа жағындағы жаулықтың ұшы жерге тие жаздап тұрады. Кейбіреулері мұрнына кішкентай күміс сырға тағып жүреді, осы арқылы әкесінің ең сүйікті қызы екенін аңғарасың. Саусақтарына жүзікті молынан салады; ал құлақтарына көбіне інжу қадаған ұзынша сырғалар тағады».
Answers & Comments