Қазақ тілі
1. Қай қатарда жіктеу есімдігі орналасқан?
А) Әркім, кейбіреу, әлденеше
В) Олар, мен, біз
С) Кім, қашан, неше
Д) Біреу, ешбір, қайсыбір
Е) Бәрі, түгел, барша
2. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Дәнеме
В) Бірдеме
С) Кімде-кім
Д) Әлдекім
Е) Біреу
3. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) Менге
В) Сенмен
С) Сода
Д) Бұдан
Е) Сеннің
4. Анықтауыш қызметінде тұрған есімдіктің қай түрі?
«Өз елім - өлең төсегім».
А) Жалпылау В) Сілтеу С) Сұрау Д) Белгісіздік Е) Өздік
5. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз.
А) Менің мынауым
В) Сенің бұның
С) Сіздің осыңыз
Д) Оның мұнысы
Е) Біздің олымыз
6. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өздері
В) Өздеріңіздің
С) Өзіңнен
Д) Өздеріменен
Е) Өздерімізденсің
7. Есімдікті басқаша қалай атайды?
А) Есім сөз
В) Орынбасар сөз табы
С) Көмекші есім
Д) Жалпы есім
Е) Есімше
8. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар
В) Қайдан?
С) Ешкім
Д) Олар
Е) Кейбіреу
9. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс
В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз?
Д) Әркім, қайсыбір, ешқашан
Е) Мынау, осыңыз, соным
10. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
Д) Әлдекім
Е) Түгел
Помогитее
Answers & Comments
Ответ:1)B
2)А
3)Д
4)
5)Е
6)Е
7)В
8)Д
9)Д
10)Е
Объяснение: