Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынас жағдайында тіршілік етеді. Адамдар өмір сүруінің тұрмыс-тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, нәтижесі. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Әлемдік тәжирибеде ортақ қатынас құралы қызметін Заңмен қабылдаған мемлекеттік тіл атқарады. Ал мемлекеттік тіл дәрежесіне көп жағдайда негізгі тіл иесі сақтап қалған тілдер ие болады. Соның бірегейі – қазақ халқының тілі, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін «Тіл туралы» заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-нің Тіл Туралы» Заңы 1989 жылы қабылданды. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.

1.Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

A.Тіл туралы

B.Ғылымның дамуы туралы

C.Тәрбиетуралы

D. Арман-мақсат туралы1 балл

2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

A.22 қыркүйек – ҚР халықтарының тілдері мерекесі.

B.Біздің еліміз–көп ұлтты мемлекет.

C.Біздің планетамызда 5651 тіл бар.

D. Мемлекеттік тіл – елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.1 балл

3.Қазақстанда Тіл туралы заң қашан қабылданды?

A.1991 жылы

B.1993 жылы

C.1989 жылы

D.2001 жылы1 балл



4.Мәтінбойыншадұрыс ақпараттыанықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).





Ақпараттар

дұрыс

бұрыс



1

1991 жылы еліміздің Конституциясы қабылданды.



2

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.



1 балл

5.Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, тіл туралы шағын диалог құрастырып жаз.

• Тіл-достықтың алтын көпірі

• Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді.

• Тіл жүйрік емес, ой жүйрік

2 балл



6.Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.( 2 сөйлем құрастыр)

• Қарағанды облысының кейбір аудан орталықтарында мобильді қызмет көрсету орталықтары ашылды.

 Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы.

 Мектеп кітапханасы электронды оқулықтармен толықтырылды.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2балл

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.