«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Міне, менің қалам, университетім, менің сүйетін Жаннам. Мен сендерге соғыс өртін қақ жарып өтіп келе жатырмын. Әрі асығам. Әрі алқынам. Мен сендерге жеткім келеді. Бірақ дәл жолымда көлденең тосып, автомат ұстаған неміс тұр. Ол мені өлтіргісі келеді. Ол менің жолымды бөгемек болады. Мен сақ болмасам, ол мені өлтіреді де. Онда ол менің барлық туған-туысқандарымды да өлтіреді. Қаламды қиратып, университетімді талқандайды.
Менің туысқандарым өз тағдырларын маған тапсырды. Ол тағдырға мен жауаптымын. Сол жауапты бере аламын да.
Шығыстан тан атып келеді. Түнді күн жеңіп таңертеңгі алагеуім бола бастады. Қазір: «Тұрыңдар!»—деген белгі беріледі де, дос-жолдастарым түгел түрегеледі. Хатты тез аяқтап, майданға жөнелу керек, өзіңнің борышыңды өтеу керек. Жанна жаным, қош бола тұр көріскенше! Мен фашисті өлтіруге жөнелдім.
Батыс майдан, 1942 ж. Октябрь
Мәтіндегі көтерілген мәселені (үш -төрт сөйлеммен түсіндір.) 2 балл
«Хатты тез аяқтап, майданға жөнелу керек, өзіңнің борышыңды өтеу керек» деген жолдарды қалай түсінесің? (Үш- төрт сөйлеммен түсіндіріп жаз.) 2балл
Қарамен жазылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4 балл
2-тапсырма
Берілген екі тақырыптың біреуін таңдап, шағын эссе жазыңыз. 5балл
«Қазақтың батыр қыздары» (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованың ерлік істері туралы)
«Ұлы ерлікке тағзым» (Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырлар жайлы)
Answers & Comments
Ответ мен ұлы отан соғысың көрген адам емеспін бірақ ол жерде елі үшін жері үшін қаның токен адамадарды біліем бұның ішінде Әлия молдағұлова, мәншүк мәметов, Бауыржан момышұла ,хиуаз доспанов аты кісілер қаның төккен бізді қазір жер бетін басып жүруімізге себеп кер болған кісілер олар өсы адамдар. Ең алғышқы Ұлы ОТан соғысы 1945 жылы болған күні осы кісілер қайтыс болған.
Объяснение: