«Қазақ тілі» пәнінен 7-сыныптарға арналған 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (1-нұсқа)

Оқылым Тапсырма [5]



Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?



«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.

Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе?

Тілеуберді САХАБА(120 сөз)



1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + , бұрысын - белгісімен көрсетіңіз. [2]



№ Тұжырым Дұрыс Бұрыс

A. «Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллиард адам әлеуметтік желілерді пайдаланады.

B. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар

C. Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте қиын.



2. Сонымен әлемді жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз. [3]



Жазылым [10]

Төменде берілген тақырыпқа тиісті жазба жұмысын жазыңыз. Шамамен 120-150 сөз болуы тиіс.

Әдемі орауыштағы виртуалдық өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?

Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына әлеуметтік желінің зиян екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.

пжжжжжжжжжжжжжжжжж срочно
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.