Қазақ тілі Т2 » пәнінен 1 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1- Оқылым Мәтінді мұқият оқып , тапсырмаларды орындаңыз . Болашақтағы климат Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын . Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар . Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған . Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған , Үкіметаралық сарапшылар тобының ( көҮст ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса , ХХІ ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін . Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады . Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75 % экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр . Алапат ыстық , құрғақшылық . Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды . Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады . « Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару » БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады . Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын - шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ , бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді . Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр , экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді , жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады . Инна Колтаевская ( 186 сөз ) 1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз . жаһандық көлемі жорамалы тапшылығы [ 2 ] Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып , жауап беріңіз . 2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі ? Себебін жазыңыз . [ 1 3. « Болашақта экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді , жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады » деген автор пікірімен келісесіз бе ? Ойыңызды дәлелдеңіз . [ 1 ] [ 1 ] 4.Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз . Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген ?Соч по каз.яз даю 100 баллов кто рещит соч пожалуйста прежде чем писать подумайте заранее спасибо!