Қазақ тілінен қорытынды бақылау
Фонетика
1.Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді белгілеңіз:
а) Құлыншақ
в) Мазалағыш
с) Алакөл
д) Тәртіптілік
е) Жолдастық
2. Еріндік ,езулік араласып келген сөзді көрсетіңіз:
а) Жу
в) Көмір
с) Аспан
д) Қайрат
е) Балапан
3.Ұяңнан басталып үндіге аяқталған сөзді көрсетіңіз:
А.Қарт
В.Ғарышкер
С.Жаз
Д.Мүсін
Е.Лай
4.Езулік дауысты дыбыстарды белгілеңіз:
А. а,о,ы,е,ү.
В.а,ә,ы,і,е.
С. о, ө,е,и,э.
Д. ұ,ү,у,и,е.
Е. ә,е,ү,ұ,у.
5. Бірыңғай жіңішке дауыстан тұратын сөзді табыңыз:
А. Тыныштық
В. Бүлдірген
С. Кітапхана
Д. Өнерпаз
Е. Болашақ
Лексика
6.Омонимді белгілеңіз:
А.Қымбат,құнды жамылғы.
В.Аужар- салт өлең,жыр.
С.Асық ойнауға асықпын.
Д.Күнде киік аулайды.
Е.Асық ойнаған азар.
7. Синоним сөздерді көрсетіңіз:
А. Қасқыр, бөрі, түлкі
В. Қателесу, адасу, қайраттану
С. Қойшы, сиыршы
Д. Қасақана, әдейі, жорта
Е. Әрине, мүмкін, алайда
8.Антоним сөздерді көрсетіңіз:
А.Ашу-ыза
В. Ыңқылдау-ыңырсу
С.Іздеу-табу
Д.Шиеленісу-ширығу
Е.Шер-күйік
9. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзі бар қатарды табыңыз:
А. Техниканың тілін жетік меңгерген.
В. Терең суды кешіп өту қиынға соқты.
С. Есік ашық тұр.
Д. Адамның қолынан барлығы келеді.
Е. Астана –әсем қала.
10. Диалект сөзді белгілеңіз:
А. Қақпа
В. Дарбаза
С. Есік
Д. Аула
Е. Әйнек
Морфология
11.Болжалдық сан есімді белгілеңіз:
А.Жетпістей
В.Бесеу, алтау
С.Жиырма бес
Д.Елу-елуден
Е.Үштен бір
12.Табыс септігі жасырын тұрған сөзді табыңыз:
А.Кітап оқу
В.Кітап дүкені
С.Кітаптан жаздым
Д.Кітапқа қарадым
Е.Кітаптың беті
13.Шылауды табыңыз:
А.Уа, шіркін
В.Қашан?
С.Қарағым – ау
Д.Ойпырмай
Е.Ой, айналайын
14.Жалпылау есімдікті тіркесті табыңыз:
А.Менімен бірге
В.Бүкіл әлем
С.Өз үйім
Д.Бұдан бұрын
Е.Біз дайынбыз
15.Тәуелдік жалғауынан кейін жалғанып тұрған жатыс септік жалғауын табыңыз:
а) Ұстазың
в) Ұстазым
с) Ұстазды
д) Ұстазымды
е) Ұстазымда
Синтакис
16.Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз:
А.Сауле кеше келді.
В.Алатау – әсемдік символы.
С.Ол әжесіне жәрдемдесті.
Д.Сымбат – үлгілі қыз.
Е.Баласы тиянақты екен.
17.Ыңғайлас салалас сөйлемді белгілеңіз:
А.Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
В.Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
С.Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
Д.Мен ол күні келмедім,себебі көлік болмады.
Е.Еңбек баланы мықты етеді.
18.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз:
А. Менің өз қатарымнан қалғым келмейді.
В. Дивизияда көп ұлттың адамдары болды.
С. Партизандар ұйықтап кетті
Д. Рамазан Елебеков- елге әйгілі адам.
Е. Олар басқа дивизияға қосылды.
19. Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз:
А. Баймақан Жомарттың бөлмесіне кірді
В. Шығармаңыз осы үйден табылады
С. Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұр
Д. Батырға таяқ та жарақ
Е. Ердің атын еңбек шығарады
20.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны көрсетіңіз:
а) Он-он бесі келді.
в) Амангелді сынды батырын ел ұмытпас.
с) Үгіт- насихат жұмысын жүргіз.
д) Көрмес – түйені де көрмес.
е) Ағалы – інілі екеуіне сүйіндік
Answers & Comments
Ответ:
1.Буын үндестігіне бағын бай тұрған сөзді табыңыз?
С) Алакөл