«Қазақстан – достықтың мекені» атты тақырыпқа 60-70 сөзден құралған эссе жазыңыз. Перевод: Напишите эссе из 60-70 слов на тему «Казахстан - земля дружбы». Во внутреннем, дымном.
«Бірлік түбі тірлік» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетсек қана бірлікке қол жеткізуге болады. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын Елбасымыз үнемі ерекше атап отырады.
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты.
Атам заманнан бері бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған.
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Қазақстан - достықтың мекені.