Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Тұрғыны 304,5 мың адам (2004). Қала Құлынды даласының оңтүстік-батыс шеті саналатын Ертіс өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған.
Тұрғындар саны — 317000 адам (1 қаңтар 2012 ж. бойынша), бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 342 321 адам (1 қаңтар 2012 жылғы санақ бойынша). Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде.
Answers & Comments
Ответ: