Ответ: Бауыржан Момышұлының қол бастаған батырлығы мен интелектуалды ой-сананың да айтулы еріне айналған даңқы бүкіл Одақ халқы мен күллі әлем жұртшылығына тұтас жайылуымен дараланды. Сондықтан да, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау, оны үзбей атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жалғастыру – педагогика ғылымында тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі. Бауыржан Момышұлының патриот азамат ретінде қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге араласуы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов сынды ұлт зиялыларынан бастау алып, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев секілді асыл азаматтардың қасында өтті. Демек, оның азаматтық тұлғасы өзіндік сананы ұлттық санаға ұластырудағы биік парасат өлшемімен көрінеді. Б.Момышұлы қайсыбір саяси, мәдени, әдеби жиындарда болсын, еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтып отырған.
Б. Момышұлы туған халқының дәстүрін, тілі мен дінін құрмет тұтқан. «Жаным – арымның садағасы», «Халқым үшін қасықтай қаным пида - деп, жанып тұрған отқа талай түстім». «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» деген сөздері осының айғағы. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту...Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді», - дей отырып келешек ұрпаққа үлгі-өнеге қалдырған.
Отаншылдықтың, ата-ана мен туған-туысқа деген бауырмалдық пен сыйластықтың арасында осыншама ерлік жасап, бүгінгі күнде аты аңызға айналып, халық құрметіне бөленген Бауыржан Момышұлының осы тәлімінен жастарымыз үлгі алып жатса, қазақтың қазақтығы ғасырлар көшінен қалмасы анық.
Answers & Comments

Объяснение: bruh