Сапы — қарудың (қылыш) бір түрі. 5 — 19 ғасырларда бір жүзді етіп жасалып, кесу қаруы ретінде пайдаланылды. Көшпелі халықтарда кең қолданыста болып, бірте-бірте семсерді ығыстырған. 18 — 19 ғасырларда қазақтар басы түзулеу келген балдақсыз Сапыны қолдана бастады. Қазақ Сапысы ғылыми әдебиетте “Ортаазиялық шашка” немесе “Қоқан шашкасы” деп аталатын Сапының бір үлгісі. Қазақ Сапыларының жүзі, сабының кескіні “Кавказ шашкасынан” бөлекше, бұл оның өзіндік жолмен дамығанын дәлелдейді. Сапының бұл түрінің пайда болуы ұрыс тактикасының өзгеруімен тікелей байланысты болды. Оның 2 түрі болған, бірінің басы түзулеу, екіншісінің бас жағы қайқы келеді. Сабының кескіні негізінен біркелкі, түбіне қарай жуандана түседі. Қазақ Сапыларының ұзындығы 87 — 97 см. Сапыны қынапқа салып, белге тағады. Қынабы ағаштан жасалып, сыртынан терімен, барқытпен, металмен қапталады.
Answers & Comments
Ответ: