Қазіргі қазақ әдебиетінде, сөз жоқ, елеулі, татымды туындылар бар. Олар оқушының кырағы көзінен қағыс қалып жүр деп айта алмаймыз. Сондай жаңа шығарманың біреуін біз де сөз еткелі отырмыз. Ол — белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»  («Жазушы»  баспасы, 1976 жыл) атты романы. Жазушылық жолын очерктерден бастаған, бұл салада бірнеше кітап шығарып, жұрт көзіне тұскен Ә.Нұршайықов кейінгі жылдарда романға қол ұра бастады. Оның «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романы оқушы қауымның ілтипатына бөленіп, әйгілі кітаптардың біріне айналды. Ал, сөз болғалы отырған «Ақиқат пен аңыз» -антордың жаңа ізденістерінің, үлкен жанр құпиясын меңгеруде ТЫҢ қадам жасағандығының нышаны.
«Ақиқат пен аңыз» романында халқымыздың даңқты перзенті, ¥лы Отан соғысының қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік сапары сөз болған. Бұл тақырыптың өзіндік қиындығы да бар СДІ. Өйткені Қазақстанда негізі жасақталған, Москва түбіндегі шаііқастарда сан түрлі ерлік көрсеткен панфиловшы 8-гвардия дииизиясының тарихи оқиғалары мен адамдары, соның ішінде, Бауыржан Момышұлының жеке басының батырлығы жайында бұдан бұрын да жазылған. Бұл қатарда, әсіресе, А.Бектің «Нолокалам тас жолы», «Панфиловшылар алғы шепте» атты повестерін атап өту керек. 
ПОМОГИТЕ СРОЧНО НАДО СОКРАТИТЕ ТЕКСТ О ЧЕМ И О КОМ ТАМ ГОВОРИТСЯ! !!!!!
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.