Мархабаев Абдул-Хамид 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964–1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967–1976), «Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976–1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981–1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985–1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте. Филология ғылымдарының кандидаты (1972), докторы (2001), журналистика факультетінің доценті (1975), профессоры (1997).
Answers & Comments