қазақстан ұсынған бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғысындағы бастамалар әлем назарын өзіне аударғаны белгілі. Жаһандық мәселелерді шешуде қазақстанның орны қандай ? өз ойынызды дәлелдеп аргументативті эссе Жазыңыз (150-200 сөз)
Қазақстанның және оның басшысының жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша көтерген, сондай-ақ іске асырылған бастамалары аз емес. Бүгінде олар әлемдік қоғамдастық пен халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып, үлкен қолдауға ие болып отыр. Бұл мәселелерде, ең алдымен, өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдардың басы көз алдымызға келеді. Сол 1991 жылы Қазақстан әлеуеті бойынша әлемде төртінші орында тұрған ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұрын-соңды тарихта болмаған мұндай іс-әрекет тың және батыл қадам деп танылды. Сондай-ақ бұл өзге елдерді айтпағанда, ядролық қаруы бар мүйізі қарағайдай мемлекеттердің өзін қайран қалдырды. Бұл еліміздің бейбітсүйгіш саясатын паш етіп қана қоймай, сол кездегі ядролық арсеналы бар ірі елдер – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Францияның ядролық сынақтарға мораторий жариялауына себеп болды.
Жалпыға ортақ осындай игі істер кейін де жалғасын тапты. Мысалы, Президенттің бастамашы болуымен 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылды. Осы аймақтағы мемлекеттерге БҰҰ шеңберінде ірі ядролық державалар тарапынан күш қолданбау кепілдіктері берілді. Ал БҰҰ-ның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялағанын Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі маңызды рөлінің мойындалуы деп бағалаған жөн.
Қазақстан бастамаларына, сондай-ақ 2015 жылғы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдағанын қосар едік. Осы орайда Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде айқындалған үш қағидат пен бес нақты бағыттың біріншісі – ядролық қарумен қатар, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлеріне, оның ішінде БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қаруды жасау және оны жетілдіруге арналған ғылыми жаңалықтарды есепке алу реестрі арқылы тыйым салуды ұсынды. Бұл мәселе Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің жеті басымдықтарының қатарына кіреді.
Answers & Comments

Семей сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуы