Сонау кезден қалыптасқан еліміз қазіргі кезде өніп өсіп өркендеп жатыр. Еліміз тектен текке өніп өспеді, оның дамуына еліміздің мен деген, өз еліне жаны ашыған ата бабамыздың арқасы. Туады ерлер ел үшін Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кешпейді есыл ер — деп ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай, Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһармандары аз болмады. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Демек, біз - аманатты арқалаған баһадүр бабалардың ұрпағымыз! Бабалар салып берген сара жолдың иесіміз. Толарсақтан саз кешіп, ат ауыздықпен су ішкен заманда, қолына найза алып, ерлеулі атқа қонған батыр да қайсар қазақтың жалынды ұрпақтарымыз.Олай болса, бабалар рухына бас ие отырып, егемендікті сақтау, тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңнен бекіту қасиетті борышымыз саналады емеспе?!
Answers & Comments
Verified answer
Сонау кезден қалыптасқан еліміз қазіргі кезде өніп өсіп өркендеп жатыр. Еліміз тектен текке өніп өспеді, оның дамуына еліміздің мен деген, өз еліне жаны ашыған ата бабамыздың арқасы.Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді есыл ер —
деп ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай, Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһармандары аз болмады. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Демек, біз - аманатты арқалаған баһадүр бабалардың ұрпағымыз! Бабалар салып берген сара жолдың иесіміз. Толарсақтан саз кешіп, ат ауыздықпен су ішкен заманда, қолына найза алып, ерлеулі атқа қонған батыр да қайсар қазақтың жалынды ұрпақтарымыз.Олай болса, бабалар рухына бас ие отырып, егемендікті сақтау, тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңнен бекіту қасиетті борышымыз саналады емеспе?!