"Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы шығарған. Бұл қыз ата-анасының оң жағында отырғанда сүйген жігітінен екіқабат болып қалса керек. Ол кез құдандалықты кие тұтып қалыңдыққа ие болатын заман ғой, керей қызы аяғы ауыр қалпында ұзатылады. Кейін перзентті болған керей қызы көкірегіне қамалған мұңын бесік жыры етіп айтады екен. Содан, былайғы жұртқа жайылған. Өкініштісі, әннің сөзі ұмыт болып, ел есінде "Е-е-й, ахау сабаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз" деген қайырмасы ғана қалған.
Әуелі қазақтың қара домбырасының, кейіннен жетіген аспабымен сүйемелдеуімен шырқалған «Балапан қаз» әні авторы белгісіз болғандықтан халық әніне айналған еді. Алайда, соңғы жылдары әсем ән тереңірек зерттеліп, көпшілікке шығу тарихы аян болды.
Ән туралы деректер Шығыс Қазақстан облысының тумасы ақсақал Арғынбек Қилыбаев аузынан жазылып алынған. Ертеде Керей елінің қызы Найман еліне келін болып түскен. Өз елінде ол сүйген жігітінен аяғы ауыр болып қалып, өзге елге жүкті болып ұзатылады екен. Кейін босанып, аяқ-қолын бауырына алған кезде бөбегіне бесік жырын айтып, іштегі мұңын әнге қосады. Ән ел арасында кең таралып кетеді. Өкінішке орай, әннің толық сөздері ұмытылып, тек «Ей, ахау сабаз, ұшырдым ұясынан балапан қазды-ай» деген жолдары ғана сақталып қалады.
Answers & Comments
Ответ: