Спорт ол бейбітшілік кепілі деген ойға мен қосыламын.Күнделікті өмірде дене шынықтыруды сүйетін жандар өте көп. Әлемде және елімізде болып жатқан спорт жаңалықтарын асыға күтіп, қазақстан спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер оқушылар қауымы мектебімізде жылдан — жылға артып келеді. Осыншама халықты ұлты мен тіліне, дінімен түр-түсіне бөлмей өзіне ынтызар еткен спорттың мәртебесін ерекше атап кетуге болады. Спорт-адам денсаулығының кепілі, денешынықтыру — бұл қозғалыс, қозғалыс — бұл өмір екенін бәрі біледі. «Тәні саудың — жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер де спорттың қадірін қастерлеп жатады.Спорт — ең алдымен денсаулық, бәсеке, ұжымдық бірлік. Ал, жеңіске деген ұмтылыс оқушыларымызды алға жетелеп, аянбай еңбек етуге, үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге, алға қойған мақсаттарына жетуге баулиды. Сонымен қатар спорт мәртебесі туралы айтып кететін болсам — бәсекеге қабілетті болуға үндейтін нағыз тәрбие көзі емес пе?! Ең бастысы спорт — бейбіт бәсеке және спорт-саясат, елдің елдігін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын айғақтайтын нышан. Ел басшылары қазақстан спортын дамытуға ерекше көңіл бөліп, біздің спортшыларымызға, байрақты бәсекенің төресі-олипиадаларға жанкүйер болып баратыны көп нәрсені аңғартпай ма?! Тағы айтып кететін болсам, спорт бұл-ғылым. Қазіргі заманда жоғарғы нәтижеге жету үшін, ғылымды спортпен ұштастыра білу керек. Сонда ғана топ алдында сайысқа түсуге бел байлап, жемісті жүлдеден үміт күтесің.
Answers & Comments
Ответ:
Спорт-бейбітшілік кепілі

Объяснение:
Өзім жаздым 10000000000%