Балмұздақ- тәтті тамақ және дені сау адамдардың көбі үшін өте жұғымды тамақ . Кейде ол диеталық тамақ орнына да жүреді . Бірсыпыра ғалымдар асқазан органдарының қан тамырларын тарылтып , осының нәтижесінде тері түтіктерін кеңейтеді , - деп есептейді . Алайда балмұздақта май да , барынша сіңімді қанттектер де көп . Балмұздақтың ең калориялы сорттарының бірі « ломбир » Францияның Пломбир қаласының атымен аталған . 18 ғасырдың аяғында осында балмұздақтың нақ осы сортын жасау алғаш игерілген екен . Францияда елдің әрбір тұрғынына шаққанда орта есеппен жылына , шамамен , 3 килограмм , Италияда 15 килограмм балмұздақ желінеді екен . Бұл жағынан алғанда нағыз чемпиондар Америка Құрама Штаттарының тұрғындары , өйткені оларда ілгеріде айтылған көрсеткіш 30 килограмнан асады . Француз профессоры Анри Жуайо қазір семіздіктің зардабын тартып жүрген адамдар қай замандағыдан болсын көп деп санайды . Бұл тұрғыда балмұздақтың да айтарлықтай « рөл атқаратыны » атап айтылады .




1. Мәтіндегі негізгі дәне 3 қосымша ақпараттарды ажыратыңыз?
пажееее помогите срочно ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.