Барлық мәтіндерде хрониканың қай талабы сақталған?

1. III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 195 қазақстандық қатысып жатыр. 37 ұлттық спорт түрінен өтетін ауқымды жарыста 67 елден келген екі мыңдай спортшы бақ сынасады.
2. Қырғызстанда өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты жабылу рәсімі 8 қыркүйекте Шолпан Ата қаласындағы орталық ипподромда болады.
3. 2018 жылы 10 қыркүйекте Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мырза Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына орай баспасөз мәслихатын өткізді.
4. Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейдің Красноярск командасын ойсырата жеңді.
5. Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2 - 8 қыркүйек аралығында Шолпан Атада өтті. Оған әлемнің 80 елінен 3 мыңнан астам спортшы келді. Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша бақ сынады. Келесі Көшпенділер сайысы 2020 жылы Түркияда өтеді.
6. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияда өтеді. Бұл туралы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ІІІ Дүниежүізілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу рәсімінде айтты.
7. Шолпан-Атада бір аптаға созылған көшпенділердің байрақты бәсекесінде ел құрамасы 72 медальмен екінші орынға жайғасты. Біздің қоржында 18 алтын, 24 күміс, 30 қола медаль бар. Бірінші орынды жарыс қожайындары Қырғызстан құрамасы иеленді. Олар 37 спорт түрінен сынға түсіп, 40 алтын, 32 күміс, 31 қола, жалпы 103 жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті 56 медальмен Ресей Федерациясы қорытындылады. Олар да 17 алтын, 24 күміс, 27 қола.

А)Факт жетіспейді
Б)Тақырып қойылмаған
В)Нақты фактілер берілген
Г)Тақырып қойылған
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.