Басты бет Кесте Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді
Bilimland logotype
OnlineMektep
Репетиторлар
BilimShop
BilimMarket
Мемл.қызметтер
Жаңалықтар
BilimCenter
BilimLand
iTest
Twig-Bilim
iMektep
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді
26 ҚАҢТАР
ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ
ТОЛЕКОВ Д
ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ
Чат ашу
Терракота әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді
Қытайда ең байырғы мемлекеттер қола дәуірінде Хуанхэ өзенінің жағасында пайда болды. Б.з.д. VIII ғасырда Қытай жерінде жүзден аса тәуелсіз мемлекет болған. Өзара соғыстар нәтижесінде жеті күшті мемлекет үстемдік ете бастады. Бұл кезең тарихта «соғысушы жеті патшалық» кезеңі деген атқа ие.
Цинь Шихуанди император
Б.з.д. III ғасырда Ин Чжэннің басқаруымен Цинь патшалығының үстемдігі арта түсті. Ол қалған алты патшалықты бағындырды. Осылайша Б.з.д. 221 жылы Қытай біртұтас мемлекетке бірікті. Ин Чжен император атағына және Цин Шихуанди, яғни «тұңғыш Цин императоры» атағына ие болды. Ол қатал заңдар жариялап, салықтарды көбейтті. Оның бұйрығы бойынша ғылыми және діни кітаптардан басқа барлық кітап өртелді, әндер мен аңыздарды орындауға тыйым салынды.
Императорға қарсы қастандық және бүлікке жол бермеу үшін астанаға аманаттыққа ақсүйек отбасыларының мүшелері әкелінді. Сәл ғана заң бұзғаны, оны сақтамағаны және билікке бағынбағаны үшін адамдарды құлға айналдырды. Құлдар ең ауыр жұмыстарға: қамалдар құрылысы, каналдар және кен ошағын қазу жұмыстарына жіберілді. Ұлан байтақ империя аймақтарға бөлінді және оларды губернаторлар басқарды. Оларды императордың өзі тағайындады.
Император ортақ салмақ пен ұзындықтың бірыңғай өлшемдерін, ақша бірлігін енгізді. Цинь Шихуанди алып құрылыстар, жол тораптары мен суару каналдарын салуға мол қаражат жұмсады. Ол қарсыластарын жойды, Конфуций ілімін ұстанған барлық ойшылдарды қатал өлім жазасына кесті. Ғұндардан қорғану үшін император Ұлы Қытай қорғанын салуға бұйрық берді.
Ұлы Қытай қорғаны
Өміріне жасалған көптеген қастандықтан кейін Цинь Шихуани 48 жасында кенеттен дүние салды. Император қайтыс болғаннан кейін елде көтеріліс басталды. Оған қатысушылар елдегі заңдарды жеңілдетуді талап етті. Императордың мұрагері тақтан тайдырылды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін империя небары 14 жыл өмір сүріп, күйреуге ұшырады.
Терракота әскері
1974 жылы Сиань қаласының маңында тұратын шаруа құдық қазып жатып, күйдірілген сазбалшықтан жасалған көптеген бұйымдар тауып алады. Кейін бұл жерде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде археологтар 8099 саздан жасалған жауынгер мен тұлпар мүсінін тапты. Олар бір жарым шақырымдай жер аралығында үш қатарға тұрғызылған еді. Бұл таңғажайып жерлеу орны Қытай императоры Цинь Шихуанди мазарының жанында орналасқан. Археологтар бұл олжаны «терракота әскері» деп атады. Себебі барлық мүсін күйдірілген сазбалшықтан – терракотадан жасалған еді.
Лю Бан жаңа император болып тағайындалды. Б.з.д. 206 жылы ол өзін Қытайдың жаңа Хань әулетінің негізін қалаушы деп жариялады. Хань империясында Конфуций ережелері бойынша оқытылған шенеуніктер үшін жоғары мектеп құрылды. Хань әулеті билеген 400 жыл ішінде қытайлар біртұтас халыққа айналды.
конспект
көмектесіндерші өтінеееем 50 берем
Answers & Comments
Ответ:
Непонятно
Объяснение:
(