Алтын бағалы темір. Алтынды тақсан өзіңді ерекше сезінерсің, алтынды ақшаң болса сатып аларсың, сатып алып қуанарсың, бірақ бұл уақытша қуаныш. Бұл өмірде алтыннан да қымбат, баға жетпес нәрселер, сөздер бар. Ол баға жетпес сөз - бауыр деп аталады. Бауырың әрқашан қасыңнан табылар, қиыншылықта жылы сөздерін айтып қолдау көрсетеді. Бауыры бар адам өмірдегі ең қуанышыты, ең бай адам деп айтуға болады. Өйткені бауыр баға жетпес, бауыр алтыннан да қымбат!
Төрт-бес жасымда «маған бөпе керек, әкеліп берші» деп анамның мазасын жиі алатынмын. Кіршіксіз көңілімді анам да қайтарғысы келмейтін болуы керек «көп ақша жинайық, сосын базарға барып сатып аламыз» деп алдаусырататын. Мектеп табалдырығын аттап, санам толық жетілгенге дейін «үйдегілердің бөпе сатып алуға қаржылары жетпей жатқан болуы керек» деген бала қиялмен өмір сүрдім. Сөйтсем, бөпені базардан сатып алмайды екен ғой. Кеш ұқтым. Ұқтым да ешкімнің жұбатқандарына көнбей жер тепкілеп жыладым. Жыладым да, «мен неге жалғызбын, өзгелер секілді бауырларым неге жоқ?» – деген көкейімді үнемі мазалап жүретін сауалға жауап таптым. Бір бесікте бөленіп, қолындағы бір тілім нанын бөліп жеп, қуыршақтары мен ойыншықтарымен бірге ойнап, сәл көрмесе іздеп, сағынып тұратын бауырларды көрсем қызығам, іштей қызғанам да… Қоғамымызда сондай бауырмал бауырлардың қатары сиреп бара жатқаны өзекті өртейді кейде. Мәселен… Біздің ауыл аядай ғана. Сол аядай ауылда 150-ге жуық отбасы біреуден кейін, біреуден ілгері, тату-тәтті ғұмыр кешуде. Ауылымда тастары өрге домалап тұрған бір отбасы бар. Олардың тұрмыс-жағдайлары өзгелерден көш ілгері. Анау-мынауды көзге көп іле бермейтін бұл бауырлар бір-бірлерінің үйлеріне әзер кіріп, бас сұғатын шығар. Шыны керек, мейірімділікті, жылы шырайлылықты, шынайы жанашырлықты бұл отбасындағы бауырлардан көру қиын. Кейде ойлаймын, күндердің күнінде бұлардың бағы қайтып, байлығы сарқылып, басына күн туса қайғысына ортақтасып, жәрдем қолын созатын жан табылмай қалады-ау деп… Ал Досымбек атаның отбасын бүкіл аудан жұртшылығы жақсы біледі. 12 ұл-қыз өсіріп, оларға жоғары білім беріп, ұлын-ұяға, қызын-қияға қондырып, көпке үлгі боп отырған бақытты отбасы. 12 ұл-қызының 5 баласы Қайнарда тұрады. Әрқайсысының өз тіршілігі бар. Кішігірім шаруа қожалығының жұмысын дөңгелетіп отырған бауырлар егін орағына қажетті техникалық жарақтардың бәрін өздері құрастыра береді. Қарашаңырақта екі келін қалып, қалғандары өз алдына жеке отау тіккен. Үлкен үйді кішігірім бала-бақша ма дерсің. Бала-шағаның бәрі дерлік таңертеңнен қара кешке дейін осы үйде. Қашан көрсең үйлерінен қонақ үзілмейді, дастархандары жиылмайды. Бауырмал бауырлардың ауызбірлігін, жан жүректері біте қайнасқан жақындықтарын, тындырымды тірліктерін көріп, еріксіз сүйсінесің. Сүйсінесің де, тамаша татулықтарына Жаратқан сызат түсірмесе екен деп тілейсің.
Кей-кейде бауырдың бағасын білмей, қадіріне жете алмай жүрген жандарды көргенде «біз Өмір атты ұзақ жолдың жолаушысы ғанамыз. Ертең жиған байлығың да, мансап, атағың да, қызметің де түкке аспай қалады. Тек мына бес күндік жалғанда өшпестей із боп қалатыны – сыйластық, сіз бен біз ғана. Бауырмал болыңдаршы!» деп ақыл айтқым келеді. Бірақ ар мен ұят жерге тапталып, ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жатқан тасбауыр қоғамда ғұмыр кешіп жатқан тасжүрек адамдар менің бұл ақылымды не қылсын? Бірге туған бауырлар бір түбірден өскен бір ағаштың бұтақтары тәрізді көрінеді маған. Мейлінше, жанымыздағы жақын адамдарға бір ауыз жылы сөз айтып, жандарын жадыратып, жүздеріне қуаныш сыйлап жүрейікші… Нарық қыспақтан қанша қысса да, мейірімімізді арзандатып алмайықшы, БАУЫРЛАР!!!
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: