Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
– Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
– Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы.
– Жоқ, бере алмаймын, – деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен

1. Мәтінде не салыстырылып айтылады?
А) қуаныш пен реніш
В) батырлық пен қорқақтық
С) байлық пен кедейлік
D) жастық пен кәрілік

2. Мәтінде кездесетін халықтың нақыл сөзін тауып жазыңыз.

3. Бай мен кедейге қандай сипаттама берер едіңдер?
Бай
Кедей

4. Мәтін бойынша дұрыс ақпараттарды анықтаңыз.
№ Ақпараттар дұрыс бұрыс
А Кедей егін егіп өз күнін өзі көріпті.
В Су тасқыны бес күнге созылады.
С Бай бір үзім нанға бар алтынын айырбастамақшы болады.


ЗА СОЧ 100 балов
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.