Бақытты отбасы деген ұғымға түсінік бере кетсеңіз.
–Бақытты әркім әр түрлі түсінеді. Бірақ, менің ойымша, бақытты отбасы деген – отбасында бірліктің, ауызбіршіліктің болуы.
Бірлік деген қай кезде болады?... Ол адам бір-бірін сыйлаған, бағалаған, сүйген, түсінген кезде болады. Үлкенді кіші, кішіні үлкен сыйлау керек. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дейді емес пе қазақ нақылы?! Осындай қарым-қатынас сақталған отбасында адамдар бір-біріне емес, сол шаңырақты бақытты етемін, босағаны берік етемін деген бір мақсаты болады. Ерлі-зайыптының мақсаттары – осы шаңырақты шайқалтпау (бөгеліп)... Отбасының өзге мүшелерінің жағдайын ойлап, оларды теңдей ұстап, бірдей сыйлау қажет. «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» дейді ата-бабамыз. Сондағы алтау – ата, әже, әке, ана, ұл-қызы. Ала болу – бір-бірін тыңдамау, ал түгел болу – бірліктің болуы. Жұрттың барлығының отбасы бірдей ата мен енеден, ерлі-зайыптыдан құралсын деп айта алмаймыз. Ол бір Алланың қолында. Бірақ отбасы қанша адамнан құралса да, отбасы мүшелері бір-бірін сыйлап, өз өмірлерін бір-бірімен берік байланыстыруы керек, мінекей, осындай отбасыны бақытты отбасы деуге болады.
Вот текст плиззз помогите​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.