Спорттағы жетістіктеріміз
Қазіргі қазақ спортының дамуына халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, кыз куу, белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық ойындар ықпал етті деп толыктай айта аламыз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды озге ұлт өкілдеріне тындатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардын аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз.
Кандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін. Бұған дәлел ретінде тарихтан білетін казак халкынын мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының, Балуан Шолактын, Серік Конакбаевтың жетістіктерін айтуға болады. Қажымұқан Мұңайтпасұлының бала кезден куреспен айналысып, түрлі жиындарда, той-томалақтарда қарсыластарымен белдесіп, жеңіске жететін. Уақыт өте келе, Мұқан кәсіпқой балуан болып, халықаралық жарыстарда қазақтың намысын қорғаған. Спорттық мансабында 28 мемлекетті аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан. Қажымұқан секілді Балуан Шолақ та күрес өнерінің хас шебері еді. Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың композиторлык дарыны да болған. Балуан 14 жасында күресті ермек етіп, жеңіс тұғырынан талай рет көрінетін. Орыстын палуаны Иван Кореньмен бақ сынасып, онын қабырғасын сындырған еді. Сол кезде казак батыры 35 еді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы Қазақстанның хоккей құрамасы Словенияда еткен әлем чемпионатына қатысып, тәуелсіз Қазақстанның алғашкы чемпион атағын Өскемендік Торпедо командасы еншіледі. 1995 жылы Қазақстанның кұрамасы Азия кубогінің жеңімпазы атанып, келесі жылы Қытайдың Харбин қаласында Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді. Бұған қоса, еліміздін хоккей саңлақтары 1999 жылы Корей елінің Чангвон қаласында өткен Азия чемпионатында үздік ойын көрсетті. Бокста да еліміздің былғары қолғап шеберлері женіс шындарынан талай рет көрініп, 1996 жылы АҚШ-тың Атланта каласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында Василий Жиров қарсыласын тізе бүктіріп, ақтық сында алтын медаль еншілеген. Ал Болат Жұмаділов болса, кеудесіне күміс алқа тағып, Сиднейдегі Олимпиадада дәл осы көрсеткішті қайталаған. Сол Олимпиадада Мұхтархан Ділдәбеков күміс алқа тағып, бірнеше рет Азия мен әлем чемпионы атанган. Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Еркебұлан Шыналиев, Бактияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев сынды батырларымыз Олимпиада ойындарында бак сынасып, маңдайлары жарқырап, алға шықты.
Негізгі ақпарат:(1еу)
Қосымша ақпарат;(1еу)
Детальді:(1еу)
Answers & Comments
Ответ:
Мысалы бекзат саттарханов 17ден астам рет бокстасып шетел боксшыларын жеңген, ең атақты боксшыларжың бірі болып табылады