nazeka20119
Көшпенділер (Номад[1], Көшпенді халықтар) — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар. Кейбіреулері аңшылықпен, ал әлдебір оңтүстік-шығыс Азия теңіз көшпенділері балық аулаумен ауналыс-қан/-ады. Көшпенді ұғымы кезінде егінші, балықшы секілді отырақшы халықтарға салыстырмалы айтылған. Бірақ өнеркәсіп төңкерісі, әсіресе ақпарат ғасырының басталуы отырақшыны да, көшпендіні де дәстүрлі шарушалық, тұрмыс формасынан ажырата бастады. ХХ ғасырдан бастап Көшпенділер саны қатты құлдырады. Қазір әлемде шамамен 30-40 млн көшпенді бар делінеді. Бүгінгі көптеген мәдениеттердің тамырлары көшпенділік дәстүрден бастау алады, алайда көшпенділік өмір дәстүрі біртіндеп тіпті дамушы елдердің өзінде жойылуда. Қазіргі заманғы көптеген көшпенді халықтар ассимиляциялану және өзіндік ерекшеліктерінен айрылу қаупінде, себебі олардың натурал шаруашылығы заманауи өркениетті халықтармен бәсекеге түсуі қиын болып келеді.
Answers & Comments
Қазіргі көшпенділер:
Аустралия аборигендері
Бәдеуилер
Масайлар
Пигмейлер
Туарегилер
Моңғолдар
Тибеттіктер
Саамдар
Тарихи көшпенділер:
Қазақтар
Аварлар
Ғұндар
Печенегтер
Қыпшақтар
Сарматтар
Хазарлар
Сығандар