Бейбітшілік және келісім сарайы
Сөйлемнен неологизмді тап.
Жобаның авторы – әлемдегі көптеген керемет нысандарды жасаған британдық сәулетші Норман Фостер.
Бейбітшілік пен келісім сарайы
Бейбітшілік пен келісім сарайы Тәуелсiздiк даңғылы бойында орналасқан. Ол 2006 жылы ашылды. Жобаның авторы – әлемдегі көптеген керемет нысандарды жасаған, әлемге әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер. Бейбітшілік және Келісім сарайы Нұр-Сұлтан қаласының негізгі визит карточкаларының бірі болып табылады және қазақстандықтардың бірлігін айшықтайтын нағыз символына айналды. Оның құрылыс идеясы ҚР тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі, ол осы нысанды «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» өткізу үшін арнайы салу туралы ұсыныс жасады.
Бейбітшілік және Келісім сарайы ұлылық пен әсемдікті біріктіреді. Бұл әлемдегі жалғыз пирамида тәріздес ғимарат әлемнің тағы бір кереметі деп саналады. Өзінің ерекше пішініне сәйкес ғимаратты Пирамида деп те атайды. Пирамиданың төбесі, яғни күмбезінде – Қазақстан халқының бейнесі ретінде 130 кептер бейнеленген, олардың саны Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің санына тең.
Бейбітшілік және Келісім сарайының басты залдары: 1-қабатта – көрме алаңы, сондай-ақ Пирамиданың мақтанышы – Опера залы, 3-қабатта ең үлкен Атриум залында Бейбітшілік және келісім мұражайы бар, 8-қабатында кіші мәжіліс залы орналасқан. Пирамидадағы «Бесік» біздің жас астанамыздың тамаша көрінісіне жол ашады.
Пирамидадағы ең үлкен зал – «Атриум» болып табылады. Оның ауданы – 2185 шаршы метр. Залдың кіршіксіз ақтығы мен мәрмәрдің асыл қасиеттері көз тартады. Залдың төңірегінде күн сәулелері түсіп тұратын терезелері бар. Зал заманауи жарық техникасымен жабдықталған, бұл салтанатты іс-шараларды өткізу үшін күндізгі және жасанды жарықтандыруға мүмкіндік береді. Бұл залда Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі өтеді. Атриум залы экспозициясы бейбітшілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің бүкіл ауқымын ашып көрсетеді. Онда қоғамдастықтар мен халықтардың рухани және мәдени жақындығы туралы азаматтарға арналған әңгімелері, келіссөздер, рухани көшбасшылардың бірлескен мәлімдемесі мен үндеулері өтеді.
жоба авторы
британдық сәулетші
нысандар​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.