September 2021 1 4 Report
Бейресми дерек көздерінің мəліметі бойынша, Қазақстанда 43 млрд. тоннаға жуық өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар жинақталса, оның тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Елімізде қоқыс көп бола тұра, қоқыс өңдейтін зауыттар өндіріске жарамды шикізат таппай отыр дегенге сену қиын, бірақ бұл – шындық. Елімізде қалдықтарды сұрыптап жинау мəдениетінің жолға қойылмауы экологиялық əрі экономикалық ахуалға кері ықпалын тигізіп отыр. Əзірге республикамыздың түкпір-түкпірінде қоқыс полигондарын салып, қалдықтарды тау етіп үйгеннен əрі аса алмай отырмыз. Жердің өлшеулі екенін, ал кейбір қалдықтардың шіріндіге айналуы үшін жүздеген жылдар кететінін ескермейтініміз өкінішті-ақ... Əлемдік тəжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу қалай қалыптасқан? Мысалы, Швецияда қоқыс қалдықтары электр қуаты ретінде пайдаланылса, əлемнің ең таза елінің бірі саналатын Сингапурда қоқыстардың 90 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдердің бірқатарында қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату экономика дамуының қозғаушы күшіне айналып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мысалы, Германияда күлқоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, ал Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделіп, кəдеге жаратылады. Əсіресе, Үндістанның 14 миллион тұрғыны бар Мумбай қаласында шығарылған қоқысты пайдаға асыруға жергілікті тұрғындар аянбай атсалысып, тұрақты кəсіп еткен. Ал біздің елде қалдықты сұрыптап, жаңа өнімдер алу əлі күнге дейін табыс көзіне айналмай отыр. Тапсырмаларды орында.
1.Мəтіннің стилі- [1] 2. Мəтіннің жанры- [1] 3.Мəтіннің негізгі идеясы - [1] 4. Мəтіннен байланысу түрлерін тауып жаз СРОЧНО
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.