Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта.

Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа». Бірінші тарау
I Менің атым... Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, керемет ат емес. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.
II Біз сыныпта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеуімізді түрімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды. Жантас тәрізді қылжақтар осының өзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді.
III Фамилиям Қадыров. Қадыр — менің әкем. ...Мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Әкем соғыстан оралмады.
IV Менің басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен алды. Ох, менің шашым! Шашымды алған сайын Әубәкір шал таң қалады:
— Япыр-ай, мұндай да шаш болады екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Осы шашыңның қайратты болғанынан мінезіңді білуге болады, -дейді. Бойымды біреулер орта бойлы дейді. Ал әжем әкеңе тартқан ұзын боласың деп айтады. Жасым он екіде. Бесінші сыныпты бітірдім.


Әкесі соғысқа кеткенде Қожа 5 жаста еді.
Қожаның басы домалақ, тап-тақыр.
Қожаның шашын тек Әубәкір шал алады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.