December 2021 1 7 Report
Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта.
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) – Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын аңсаған күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың рухты ақыны. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі сияқты әрекеттері көтерілістің тууына себепші болды.
Махамбет шығармалары – бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы – Исатай Тайманұлы. Ол батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипаттады.
1. Ақын балалық шағында мұсылманша, орысша білім алды.
2. Махамбет өлеңдерінің тақырыптары – туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік.
3. Жәңгір ханның әділетсіздігі көтерілістің басталуына ықпал етті.

Артқа

Тексеру
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.