Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазылым жұмысын жазыңыз.
1. Графиктік мәтінде еліміздегі жастар арасында жасалған қылмыс көрсеткіші берілген.
Берілген жылдардағы қылмыстық көрсеткіштерді салыстырыңыз.
2. Берілген мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы
мәтін – аннотация жазыңыз.
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді
саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір
өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы
мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады.
Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948
жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүниежүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң
мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін
халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар
мен құстар енгізілді.
«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан
болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң
1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236
түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі,
балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді.
Answers & Comments
Ответ:
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар каникулға шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады.