Берілген өлең жолдарындағы автор бейнесіне талдау жасап,оған жыр жолдарынан дәлелдермен келтіріңіз.
Еменнен күшті ағашпын,
Еселесең сыйлаймын!
Алдаспанға жолықтың,
Түбіңе жетпей тынбаймын!
Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін,
Шығарма Қатаған үніңді!
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді!
Көмек тесіңдерші өтініш)
Answers & Comments
Verified answer
Бұл өлең жолдарынан Сүйінбайдың біраз қасиетін байқаймыз. "Еменнен күшті ағашпын,Еселесең сыйлаймын!" дегенінен жана кіл жақсыларды жинағанын, оның абыройына дақ түсірмей керісінше биік, ұлы тұлғаларды сылайтынын көреміз. Келесі жолдардан оның бірбеткей екеніне көзіміз жетеді. Әр нәрсенің басында жүретінін "Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін" деген жолдардан көреміз. Ал соңғы жолдардан оның өжет, қайсар, айбынды екенін байқаймыз. Автордың бұл сөздері кімді де болмасын бей-жай қалдырмайды.