Берілген мәтіннен публицистикалық стиль ерекшеліктеріне сай қолданылған тілдік құралдарды анықтап, тілдік амалдарды нақты көрсетіп жазыңыздар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы кең байтақ даламыздың жеті қырын атап көрсетіп, өткен тарихымызды қайтадан зерделеп, дүние жүзіне танытудың жолдарын қарастырады. Алдағы атқарылар жұмыстарды айқындайды. Мақаланың ауқымы кең, маңызы зор.
Осы күнге дейін ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ халқының тарихы XV ғасырда, яғни Қазақ хандығы құрылған кезден ғана басталады деп, оған дейінгі тарихымыздан бейхабар болып келдік. Ақын Қадыр Мырза Әлі: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа, бірақ-тағы...» деп айтқандай, тарихымыздың жұқа болғаны көзі ашық зиялыларды ойландыратын. Сондықтан Елбасы тарихымызды жаңаша көзқараспен қарауды ұсынады.
Халқымыз алты мың жыл бұрын жабайы жылқыны қолға үйрету арқылы әлемдік дамуға үлес қосты. Бұл жаһандық құрылым, алпауыт империялардың құрылуына ықпал жасады. Ат үстінде садақ тартуды жетілдірді. Қылышты ойлап тапты. Қару-жарақтың құрылымын өзгертіп, оны күрделі, ыңғайлы, қуатты ете түсті. Сарбаздың өзін, мінген атын қорғайтын сауытты алғаш рет ата-бабаларымыз жасады. Атқа отыруға ыңғайлы шалбар тікті. Бүгінгі киім үлгілеріндей былғары етік, бөрік, шапан киді.
Әлемнің қарыштап дамуына ықпал еткен металлургия өндірісі бізден бас¬талған. Өйткені жылқы әбзелдерінің көбі үзеңгі, ауыздық, таға, жүген сияқты бұйымдар металдан жасалады. Осыдан-ақ ежелгі ата-бабаларымыздың темірден түйін түйгенін байқауға болады. Бұл ретте «Аң стилі» ата-бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюмен кескін¬деуді, металмен жұмыс істеудің техникасы, соның ішінде мыс пен қоладан балқымалар мен құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.
Answers & Comments
Ответ:
ответы барма керек боп тұр