Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, 14-15 сөйлем көлемінде жазба жұмысын орындаңыз. Тақырыптар бойынша өтілген жаңа сөздерді қолданыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. (10)
1. Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
2. Астана – мәдениет пен өнер ордасы
3. Туған жерге туың тік
Answers & Comments
Ответ:Астана- мәдениет пен өнер ордасы
Объяснение:
Соңғы жылдары Астанада өткізілген жаһандық мәселелер талқыланып, маңызды шешімдер қабылданып жүрген халықаралық іс-шаралар елорданың бейбітшілік және келісім орталығы екенінің дәлелі болып табылады. Астана да еліміздің мәдени ордасы және мәдениет алмасуларды басқаратын коммуникациялық орталық атануға лайық. Жыл сайын қалада 8 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Оны 2,5 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Қазақстанның астанасында республикалық және халықаралық маңыздағы кездесулер мен форумдар жиі өткізіледі, онда мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылады. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға, дарынды жастарды шеберліктерін жаңа кәсіби деңгейге арттыруға ынталандыру үшін заманауи өнер нысандары салынып жатыр, олара жұмыс істеуге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мысалы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Шабыт» шығармашылық сарайы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сынды бірегей жобалар қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді.