Берілген сөйлемдердің ішінен үстеуді тауып, сөйлемдегі қызметін анықта
Мен амалсыздан үйге кеттім. Данышпандар ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгін - Ұлыстың ұлы күні. Мен сенімен біргемін. Жақсылықтың ертең - кеші жоқ. Ол кейінірек барады. Ол мені кешеден тосып жүр. Мен елімнің ертеңімін. Оңашада жылап та алдым. Аса қадірлі қонақтарды күттім.
Answers & Comments
Verified answer
Үстеулер:
Амалсыздан - себеп-салдар үстеу (неге? Пысықтауыш)
Ертеңгіні - мезгіл үстеу (нені? Толықтауыш)
Бүгін - мезгіл үстеу (не? Бастауыш)
Ерте-кеші - мезгіл үстеу (несі? Бастауыш)
Кейінірек - мезгіл үстеу (қашан? Пысықтауыш)
Кешеден - мезгіл үстеу (қашаннан? Пысықтауыш)
Ертеңімін - мезгіл үстеу (кім? Баяндауыш)
Оңашада - сын-қимыл үстеу (қалай? Пысықтауыш)
Аса қадірлі - күшейткіш үстеу (қандай? Анықтауыш)