Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 2 минуттық монолог құрастырыңыз. Баяндау кезінде екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтыңыз. 1) Қандай ежелгі қалаларды білеміз? 2) Менің туған өлкем 3) Маған ұнайтын спорт түрі 4) Сәнді киім әлде жарасымды киім? Қайсы дұрыс? Айтылым: Балл: Баға:
Answers & Comments
Маған ұнайтын спорт түрі.
Мен спортты ұнатамын. Спортқа деген қызығушылығым жоғары. Әр түрлі ойындарды ұнатамын. Әсіресе футболды, шахматты, теннисті, боксты ұнатамын. Спортқа бала кезден жақынмын. Кішкентай кезімнен тенниске қызығамын. Үстел теннисі мен үлкен алаңда ойналатын теннис түрі бар емес пе, екеуінде ойнаймын. Бірақ үлкен теннис ойнауға мүмкіншілігім аздау. Сондықтан көбінесе үстел теннисін ойнаймын.Допты қарсылас жаққа жіберіп, өзіне қайтіп келуін бақылау тамаша. Доп кімнің алаңына түссе, сол жеңілді. Егер де сыртқа шығып кетсе, шығарған ойыншы ұпайдан айырылады. Ойын ойнағанда достарыммен бірге ойнауды қалаймын. Спорт - адам денсаулығына пайдалы екенін білемін. Сондықтан спорттың қимылды көп қажет ететін түрлерімен де айналысамын. Теннистен басқа футбол, волейболға деген ынтам бар. Сайып келгенде волейболды екінші орынға қояр едім. Себебі мектепте де, спорт алаңдарында да волейболды ойнаймын. Бір-бірімізге белгі беріп ойнаймыз. Осы ойында сенімділік маңызды екенін білемін.Онымен қоса бірлік те қажет екенін түсінде бастадым. Волейболға деген қызығушылығым жаңадан пайда болды. Алдыңғы жылдан бастап қызыға бастадым.Оған "волейбол" деп аталатын аниме әсер етті. Волейбол мен теннисті ойнап жатқанда, өзімді жақсы сезінемін. Көп қимылды қажет ететін спорт түрі болғандықтан маған қатты ұнайды.
________
---------------