Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (əр оқушыға 2 минут).
Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.
Диалог тақырыптары
1. Біз отбасында Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?
2. Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?
3. Домбыра үйірмесіндегі қызықты оқиға
сделайте диалог по одной из трёх тем на казахском языке пожалуйста до завтра очень срочно надо
Answers & Comments
Verified answer
"Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?" тақырыбында диалог.
– Ата,мен сізге сұрақ қояйыншы?
– Қоя ғой,құлыным!
– Ата-бабамыздың төрт түлікке айрықша көңіл бөлу себебі неде?
– Төрт түлікке түйе,сиыр,жылқы,қой жатады.Олар ертеден бізге ас-ауқатымыз,әрі киіміміз,әрі көлігіміз болған ғой.
– Мысалы,түйенің адамға берер пайдасы қандай?
– Түйе – төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі.Ол қырық күн шөлге шыдамды,жүк артса – көлік,жесе – ет,ал жүні киімге жараған.Қазақ халқы түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген,ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған.
– Түсінікті.Ал халқымыз үшін ең сүйіктісі қайсысы?
– Ол – қой.Өйткен,қой майда,өсімтал,момақан,тез ет алып,қонақ кәдеге жарап отырған.
– Ия, кішігірім қонақтардан анам қойдың етін асады ғой.
– Дұрыс айтасың,балам.Зеректігінен өзінің.Ал енді мен саған сұрақ қояйын.Қой туралы мақал-мәтел білесің бе?
– Ия.“Қойдың сүті – қорғасын,қойды құртқан оңбасын” деген мақалды білемін.Осы сөзден-ақ қойдың қазақ халқының өмірінде алар орны зор екендігіне көзімді жеткізген болатынмын.
– Бәрекелді.Бар,енді әкеңе көмектес.
– Жарайды, ендеше мен кеттім.Жауаптарыңыз үшін рахмет!