«Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары. Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның, білсеңіз...» -деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар - арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық т. б. толып жатыр. Абай қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін бүл әдеттердің бәрі де кедергі болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Ақын сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі - есек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, жұртшылықты олардан сақтандырмақ болды, қазақ қауымының болашағы жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру туралы даналық ой қозғайды.
Answers & Comments
Ответ: