Ол негізі тарихи болған оқиға негізінде жазылған шығарма, 1932 ж. 4 шілдеде Сталинге, Голощекинге Ғ.Мүсірепов бастаған қазақ зиялыларының жолдаған хаты. Хат мазмұнында коллективтендірудің қате саясат екенін баяндап, қазақ халқының ашаршылықтан тартқан зардабын, одан құтылу жолдарын көрсеткен
Объяснение:
Осыдан сексен бес жыл уақыт бұрын, 1932 жылы, 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Коммунистік жоғары оқу орнының оқу ісі жөніндегі проректоры Емберген Алтынбеков пен оның орынбасары Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев хат жазады. Ашаршылықтың ауыр нәубетіне, қазақ халқының бастан кешкен қиын жағдайына алаңдап, мұншама сұраусыз көз жасы мен қырғынға кінәлі адамдар неге жауап бермейді деген талап қойған бұл хат тарихта «Бесеудің хаты» деген атпен қалған еді.
Кеңес үкіметінің жаңа қағидалары қазақ қоғамына қайшылықты келіп, жалпыұлттық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды күйретіп жібергені, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар халықтың жаппай аштыққа ұшырауына, ауа көшуіне әкеліп соққаны баяндалған бұл хат БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алады. Сонымен қатар, елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары да егжей-тегжейлі айтылған «Бесеудің хаты» қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі деуге де болар.
«Бесеудің хатын» ұйымдастырғандардың біреуі – Мансұр Ғатаулин небары 34 жасында оққа байланып, аласапыран уақыттың құрбаны болады. Қалған төрт азаматтың да басына қара бұлт үйіріліп, қуғын-сүргін көреді.
Answers & Comments
Ответ: