Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. Беташар, сәлем салу — қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрі. Ол жаңадан келін болып түскен жанның өз қайын жұрты алдында беті ашылып таныстырылған соң құрметпен бас июі.Жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру — халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәстүрі. Беташар әр жерде, әр түрлі айтылады. Басына, бетін көрсетпей, орамал жапқан келінді екі абысыны екі жағынан сүйеп, алдын ала дайындап қойған жерге алып келеді. Мұның өзі абысындарының өзінен кейінгі келінге көрсеткен өнегесі, әрі абысындар арасындағы сыйластықты бір-біріне білдіру жолы болып табылады. Өткені «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген сөздер алғаш келген келін сәлем бергенде демеген абысындарға да қатысты. Ақын жігіт келіннің жанұядағы орнын айта келе, жаңа түскен жеріндегі жігіттің жақын туыстарымен таныстырып, сәлім бергізеді. «Беташардың» мағынасы — енді қыздың жаңа жанұяға келіп, қызметінің өзгергенін білдіреді. Әдепті келін болуы жайлы осы жерде айтылады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сыйын атайды да, сәлем салғызған ақынды құр алақан қалдырмайды.
Answers & Comments
Ответ:
Беташар

Объяснение: