Биік тау белдеулері – Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алтай, Сауыр – Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тянь-Шань тауларына тән биіктік белдеулілігі. Қазақстан тауларында Биік тау белдеулері Алтай тауынан оңтүстіктегі Батыс Тянь-Шаньға қарай біртіндеп биіктей береді. Тау орманы Оңтүстік Алтайда 700 – 900 м, Жетісу Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында (Тянь-Шаньда) 1200 – 1400 м биіктікте өседі. Бұл таулы өлкенің география орнына, ендігіне, биіктігі мен беткейлерінің сипатына, ылғалды желдің мөлшеріне, т.б. байланысты. Алтай тауына Сібір мен батыстан келетін ылғалды жел, Тянь-Шань тауларына Ауғанстан мен Иран жақтан соққан аңызақ жел әсер етеді. Сондықтан Қазақстан тауларындағы Биік тау белдеулерінің өз ерекшеліктері (топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі) бар. Айналасындағы жазықпен салыстырғанда тау табиғатының өзгеше болуына температураның биіктеген сайын суынып, ылғалдылықтың көбеюі ықпал етеді, оның климатындағы айырмашылықтың себебі осында. Қазақстан тауларында 6 Биік тау белдеулері бар. Бұл биіктік белдеулер тек Іле Алатауында ғана түгел кездеседі, басқа тауларда 5 белдеу бар, яғни альпі шалғыны белдеуі болмайды. Тау ь далаға, Тянь-Шаньның батысында шөлге ұласады. Бұл белдеудің абсолютiк биіктігі 1300 м, негізінен кайнозойдың лëсс-құмдақ шөгінділерінен түзілген, еңіс келген жазық. Климаты шөлейт, қысы жылы, жазы ыстық, жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Өсімдігі селдір, сұр топырақта қау, жусан, бетеге, бұйырғын, итсигек, баялыш, ебелек, теріскен өседі.

1-тапсырма. Мәтінге тірек болатын сөздерді тап.



Найдите в тексте ключевый млова нечего не понимаю, прошу! ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.