Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеев – Қазақстанның халық суретшісі. Ол 1902 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.
Әбілхан Қастеев өмірдің де, шығармашылықтың да қиын жолдарынан өткен. Сегіз жасында ол байдың қойын баққан. Кейін ауылдан кетіп, Түркістан-Сібір темір жолын салуға қатысқан. Жасы жиырмаға келгенде ғана ол хат таныған. Қолы бос уақытта сурет салған. Оның кәсіби суретші болып шығуына өнерге деген үлкен құштарлығы, табандылығы, еңбекқорлығы қатты ықпал еткен.
Ол өзінің алғашқы суреттерін туысқандары мен жақындарының шағын портреттерін салудан бастаған.
Ол 1921-1932 жылдары Алматыдағы Н.Г.Хлудов студиясында, 1934- 1937 жылдары Мәскеудегі көркемөнер студиясында оқыған.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болған.

Тапсырмалар :
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы. Мәтінге жоспар құра.
2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыз, сол зат есімдерге морфологиялық талдау жаса.
3. Мамандық туралы мақал-мәтелдер жаз.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.