Білім алушы екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Жазба жұмысын (эссе) орындау керек. Зат есімдердің мағыналық түрлерін жалғаулар арқылы қолданады
1. Қазақстанда велосипед жүргізушілеріне бұдан былай тротуармен жүруге тыйым салынады. Тек қана велосипед жолақшаларын не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат беріледі.
Сауал: Сіздің ойыңызша елімізде велосипед жүргізушілері қозғалысына тротуармен жүруге тыйым салу қажет пе?
2. Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.
Сауал: Сіздің ойыңызша адамның мінезі өзгере ме? [5]
Жазылымға арналған эссе үлгісі
Эссе құрылымы
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
Answers & Comments
Ответ:Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.
Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Мәселен, мінезі жақсы ұстаз оқушыға мүлдем дауыс көтеріп ұрыспайды. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.