Тапсырма1. Кестеде берілген тұлғаларды анықтамамен сәйкестендір.Тұлға Анықтамасы1. Жырау А. Домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындайтын шебер2. Ақын Ә. Суырыпсалма қабілеті бар, табан астында өлең шығаратын тұлға3. Күйші Б. Жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғаулар орындайтын тұлға 2. Төмендегі ақпаратты ия/жоқ кестесі арқылы анықта.ия Ақпарттар жоқ 1. Ертегілер: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» 2. Күйлер: «Адай», «Балбырауын», «Ақсақ киік» 3. Эпостық жырлар: «Құламерген», «Ер Төстік» 4. Лиро-эпостық жырлар: «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 3. Суретті қолдануда қазақ халқының қолданбалы өнеріндегі 3 жетістігін көрсетіп, сипаттама бер. http://www.taran-musey.kz/tsimgpage/00013997/bimage007.jpg 1_____________________ 2_____________________ 3_____________________ 4. Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін мәтіннен анықтап жаз. Деректерге сүйенсек, Темір, Ырғыз, Торғай, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы уездері жерлерінде жаздық жайылымдар солтүстік бөліктерінде (далалық зона), ал қыстық жайылымдар оңтүстік (шөлейтті) зонада орналасты. Сол себепті бұл аймақты мекендеуші қазақтар өз уездері аумағында көшіп-қонып жүрді. Солтүстік өңірде қысты күндері мал табындарын ұстайтын, қыстаулардан алыс орналасқан жайылымдар болды Қысқы жайылымдарға өзен, көлдердің жағасындағы қамысты алқаптар, тау бөктерлері, кішігірім таулардың оңтүстік беткейлері, орманды жерлер немесе құмның ішіндегі жерлер таңдап алынды. Жазы салқын ауасы, шөбі мол, ауыз су мен мал суғаратын судың жеткілікті болатын, шыбын-шіркеудің жоқтығымен ерекшеленген жерлерге қоныс тепті.1.............................................................................................................................................2.............................................................................................................................................3............................................................................................................................................. 4..............................................................................................................................................
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.