Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
-Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.
Бала әкесіне:
-Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүрі берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды.Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүрі берді.Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп,жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:
- Кәрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың;азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың",- деді..Осы мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұныны, тілдікерекшеліктері осыларды табу керек көмектесініздерші
Answers & Comments
Ответ:
Көркем әдебиет
Әке мен бала
Жұмыстың үлкен кішісі жоқ.