Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама: Кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, дейді,
Тәкаппар, оны халық жаман, дейді.
Қалпы емес тәкаппарлық — данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», – дейді.
Бұл мәтін бойынша диалог құру
8 сұрақ және 8 жауап керек срочно
Answers & Comments
Ответ:
-Сәлем!
-Сәлем!
-Саған сұрақ! Сен сен егіннің бастары деген тақырыпты оқыдыңба?
-Ия оқығанмын.
-Онда сұрақ. Кім егін еккен жерге барды?
-Егінші егін еккен жерге барды.
-Нелер бейне тағзым етіп тұрды?
-Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
-Жалғыз-ақ қанша бидай тұр көкке қарап?
-Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап.
-Не істеген мырза Қудай нұрға қанып?
-Жіберген мырза Қудай нұрға қанып.
-Бұл бидай не істеп түр басын көкке?
-Бұл бидай не көтеріп түр басын көкке.
-Не істеме: кем екен деп бәрі сонан?
-Ойлама: кем екен деп бәрі сонан.
- Құдайым өзгесіне не бергенде?
- Құдайым өзгесіне дан бергенде.
-Дән берген қожасына не істеп түр?
-Дән берген қожасына сыйынып істеп түр.
-Сен бәрін жаттағансыңба? Бары дүріс шықты.
-Ия жаттаған едім. Сау бол!
-Сау бол!