December 2021 2 12 Report

Бір күні әйел өзі кестелеген орамалда-
рын базарға сатуға апарады. Орамалда-
рын сатып болған соң, дүкен аралайды. Бір дүкеннен
сондай әдемі сурет көреді. Суретте жеміс ағашының
ішіндегі әдемі үй, айналасындағы көгал, оны қақ жа-
рып аққан су, бақта сайраған бұлбұл бейнеленіпті. Әйел
бар ақшасына әлгі әдемі суретті сатып алады.
Әйел үйге келген соң, суретті балаларына көрсетеді.
Сурет ұлдарына да қатты ұнайды. Шеше:
Осындай үйде мен де тұрар ма екем? – дейді.
Кіші ұлы Сырбай:
Егер сіз осы суретті орамалға дәл өзіндей етіп кес-
телесеңіз, сол суреттегі өмірдің ішінде өзіңіз де түр-
ғандай болар едіңіз, дейді.
Бұл да дұрыс екен. Осылай етіп бір көрейінші, –
дейді де, әйел кестелеуге кіріседі.
Ана үш жыл кестелеген орамалын сыртқа алып
шығып, балаларын қасына шақырады. Орамалдағы
ғажайып суретке үш ұлы да таң-тамаша қалады. «Не
деген керемет кесте! Ғажайып сурет қой! Осындай да
шеберлік болады екен-ау!» – деп таңданыпты олар.
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап бер.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.