Біріншіден, Нұр-Сұлтанда әр жыл сайын сәулет өнерінің теңдессіз үлгілері саналатын кешендер бой көтеруде. Айталық, «Нұр Әлем» сферасы, «MEGA Silk Way» ойын-сауық орталығы, Назарбаев орталығы ғимараты, Астана циркі. Қысқасы, аталмыш мәдени ошақтар республика жұртшылығының мәдени- рухани өміріне аса зор ықпал етіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге шақыратынын сөзсіз.

Екіншіден, Нұр-Сұлтанның ажарын кіргізіп, келбетін келтіретін өнер, білім, ғылым салалары болып отыр. Елордада 20 жоғары оқу орны, 20 колледж бар. Бүгінде елорданы әлемге әйгілеп тұрған оқу орындарының бірі – Назарбаев Университеті. Жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығында ашылған университет – жоғары білімнің көшбасшысы. Қысқасы, Елордамыз аз уақыттың ішінде-ақ Орталық Азияның ғана емес, барлық ТМД елдерінің ірі ғылым, білім және мәдени орталығы атана білді​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.